Медициналық оңалту көрсетіліді:
- негізгі ауруды емдеуде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шенберінде жүзеге асырылады;
- аурулардың және оған байланысты денсаулық проблемаларының халықаралық статистикалық сыныптамасының 10-шы қайта қарау кодтарына сәйкес аурулар тізбесі бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (медициналық оңалтудың II-III кезеңдері);
- азаматтардың өз қаражаты, ерiктi медициналық сақтандыру қорлары, жұмыс берушiлердiң қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен ақылы негiзде.
Науқасты медициналық оңалту үшін госпитализациялау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 5 бұйрығына сәйкес МСАК мамандарының немесе денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасы бойынша медициналық көрсеткіштер болған жағдайда жоспарлы түрде жүзеге асырылады. 2022 жылғы 25 тамыздағы No ҚР ДСМ-91 «Медициналық оңалтуды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ-116/2020 өзгертулер мен толықтырулар.
Медициналық қызмет түрлері:
- неврологиядағы стационарлық медициналық көмек;
- неврологиядағы стационарды алмастыратын медициналық көмек;
- тәулік бойы стационар II-III кезеңіндегі медициналық оңалту;
- күндізгі стационар III – кезеңдегі медициналық оңалту;
Екінші кезең аурудың басталуынан бастап 6 ай ішінде емделу ұзақтығымен (хирургиялық араласулар) нозологияға, науқастың жағдайының ауырлығына, биоәлеуметтік функцияның бұзылуына байланысты халықаралық функциялық классификация критерийлеріне негізделген көпсалалы топ мамандарының қатысуымен жүзеге асырылады.
"Медициналық оңалтуды қамтамасыз етуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі No 65 бұйрығы.